
«Келешек мектептері» педагогтеріне арналған онлайн оқытуға тіркеу басталды
ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуды жалғастыруда. Онлайн-оқытудың үшінші легі ақпан–сәуір айлары аралығында өтеді. Бағдарлама аясында жаңа форматтағы мектептерде 11 пән бойынша сабақ беретін үш мыңнан астам қазақстандық педагогті даярлау жоспарланған. Қатысушылардың тізімі еліміздің өңірлеріндегі білім беру саласын басқару жөніндегі уәкілетті органдар…

