Институт туралы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Ақмола облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы
Тарих
1951 жылғы 1 сәуір
Ақмола облыстық халыққа білім беру бөлімінің 1951 жылғы 31 наурыздағы №21 бұйрығы негізінде және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысын орындау үшін Ақмола қаласындағы облыстық әдістемелік кабинеті облыстық мұғалімдерді жетілдіру институты болып қайта құрылды
1960 жылғы желтоқсан - 1961 жылғы сәуір
Ақмола облысының уақытша қайта ұйымдастырылуына байланысты (Тың өлкесі құрылған кезеңде) Ақмола облыстық мұғалімдерді жетілдіру институты қайта құрылды, ал оның функциялары Өңірлік мұғалімдерді жетілдіру институтына берілді
1961 жылғы 24 сәуір – 1994 жыл
Бұрынғы Ақмола облысының аумағында Целиноград облысы құрылды. Өз қызметін бұрынғы функцияларымен Целиноград мұғалімдер білімін жетілдіру институты бастады. 1994 жылы институт ТМД-да компьютерлік оқыту әдістерінің технологиясын енгізудің алғашқы орталықтарының бірі болды. 1987 жылы институт Бүкілодақтық социалистік жарыстың қорытындысы бойынша Ауыспалы Қызыл туды жеңіп алды. 1991 жылы КСРО ХШЖК экспонатталып, “күміс медальмен”марапатталды.
1996 жыл
Ақмола облыстық білім басқармасының 22.11.96 ж. №206 бұйрығымен Ақмола облыстық мұғалімдерді жетілдіру институты педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты болып қайта құрылды
1998 - 1999 жж.
ҚР Президентінің 06.05.98 ж. Жарлығымен Ақмола қаласы Астана қаласы болып өзгертілді, облыс орталығы Астана қаласынан Көкшетау қаласына ауыстырылды, барлық облыстық құрылымдар мен мекемелер, оның ішінде Ақмола облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты көшірілуде. Институт өз қызметін Көкшетау облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының базасында бастады
2001 жыл
Институт облыстық білім беру қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты болып қайта аталды. Институт филиалдары Степногорск, Щучинск, Астана қалаларында жұмыс жасайды
2005 жыл
Мемлекеттік қызмет қызметкерлерін қайта даярлау институттан шығарылды. БАИ құрылымына 12 жылдық білім беру мәселелері зертханасы, дарынды балалармен жұмыс кабинеті, редакциялық-баспа қызметі кабинеті енгізілді
2011 жыл
Ақмола облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының құрылымында 5 кафедра бар: менеджмент, педагогика және психология, ГЦ және ЖМЦ пәндерін оқыту әдістемесі, қазақ тілінде оқытатын бастауыш оқыту және мектепке дейінгі тәрбие беретін мектептерде пәндердің мазмұны мен оқыту әдістемесі, сондай-ақ кәсіптік білім кабинеті, редакциялық-баспа бөлімі, кітапхана, 12 жылдық оқыту проблемаларының зертханасы, дарынды балалармен жұмыс бөлімі, ақпараттық-әдістемелік кабинет. Институттың Астана қаласындағы ЕАГИ жанындағы филиалы жұмыс істейді
2012 жыл
Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесінің жаңғыртылуына байланысты институт “Өрлеу “біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” акционерлік қоғамының филиалы “Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” болып қайта құрылды және мәртебесіне ие болды
Біздің оқытушылар


Жуманбаева Айгуль Оразовна
Жаратылыстану-математика кафедрасының меңгерушісі, магистр
azhumanbaeva@orleu-edu.kz

Кабдушева Алия Жумадиловна
Әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер кафедрасының меңгерушісі, магистр
akabdusheva@orleu-edu.kz







Директор блогы

Құрметті оқырмандар, блогқа қош келдіңіздер!
Директор блогы маған тікелей хабарласуға мүмкіндік береді. Мұнда сіз біліктілікті арттыру курстары мен білім беру саласына қатысты барлық сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз. Мен сіздің кез-келген сұрағыңызға жауап беруге және кері байланыс орнатуға дайынмын!
Құрметпен, Байгаринова Жанна Қалымқанқызы Ақмола облысы бойынша “Өрлеу” филиалының директоры

«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы педагогикалық тәжірибенің трансформациясы» халықаралық конференциясы
2026 жылғы 25 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Zoom платформасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті. Шараға 5 елден — Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Ресейден (соның ішінде Алтай Республикасы мен Саха (Якутия) Республикасы) 70-тен астам педагог, зерттеуші мен спикер қатысты.

«Өрлеу» өкілі «Әділет» партиясының маңызды жиынына қатысты
Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» филиалы директорының орынбасары Айгүл Жұманбаева Көкшетау қаласында өткен «Әділет» партиясы активінің маңызды кездесуіне қатысты.

«Кітап оқитын ұлт»: «Өрлеу» филиалында «Кітап сөресі» ашылды
«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Ақмола облысы бойынша филиалының қызметкерлері үшін арнайы «Кітап сөресі» атты кітап бұрышы ашылды.

Қаржылық сауаттылық — сенімді болашақтың кілті: Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» филиалындағы жыл қорытындысы
Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалында «Қаржылық сауаттылық негіздері» біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтаған биылғы соңғы педагогтер тобына сертификаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері: әріптестік меморандумына қол қойылды!
2026 жылғы 12 қарашада «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы мен Ақмола облысы білім басқармасынын Психологиялық қолдау орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға ресми түрде қол қойылды.

Педагогтің кәсіби беделі және білім сапасы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Қарагоз Мұқышева KOKSHE TV облыстық телеарнасының «Бүгінгі тақырып» бағдарламасына сұхбат берді.

Жаңа Конституция және білім: «Өрлеуде» пікірталас өтті
Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» филиалында Жаңа Конституцияның күшіне енуінің алғашқы нәтижелері мен оның білім беру жүйесіне тигізетін ықпалына арналған ауқымды панельдік пікірталас өтті.

Жасанды интеллект — білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
«Өрлеу Ақмола» курстарының тыңдаушысы, тарих пәнінің мұғалімі Сарсембай Арапов «Көкше» телеарнасындағы «Пәрменді пікір» бағдарламасында Президент Жолдауына қолдау білдіріп сөз сөйледі.

Мемлекет басшысының Жолдауы аясында
Облыстық телеарна эфирінде көрсетілген сюжетте «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының Ақмола облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Қарагөз Мұқышева Мемлекет басшысының Жолдауы аясында мұғалімдердің қағазбастылық жүктемесін азайту қажеттігін айтты.

«Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті»: Ақмола облыстық филиалындағы алғашқы сессия
Республикалық «Оқитын ұлт» жобасы мен «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы аясында Ақмола облыстық филиалында алғашқы оқырмандар сессиясы өтті.

Білім берудегі инновациялар: «Өрлеу» Ақмола филиалында конференция өтті
Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтында «Жаңашыл мектеп: білім сапасы, инновациялар және педагогикалық тәжірибелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.

Бастауыш мектептегі инклюзивті тәсілдер: оқу қиындықтарын еңсеру
Біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары — облыстың бастауыш сынып мұғалімдері — инклюзивті тәжірибелерімен өзара бөлісті. Сабақ барысында педагогтер оқуда қиындықтары бар балалармен жұмыс істеудің тиімді әдістерін таныстырды.

Кәсіби шеберліктің жаңа шыңдары
«Өрлеу» филиалының Ақмола облысы бойынша аға оқытушысы Қаракөз Мукушева «Харизма» оқыту және дамыту орталығымен бірлескен Мәскеудегі ICBT халықаралық бизнес-тренерлер мектебінде 6 айлық оқуды сәтті аяқтады.

Қолөнер шеберлігі: курс тыңдаушыларының көрмесі
Ақмола облысында біліктілікті арттыру курстарында оқитын көркем еңбек пәні мұғалімдерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті. Педагогтер әртүрлі материалдардан жасалған авторлық бұйымдарын ұсынды.

Ақмола облысының мектептерінде пилоттық жоба бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
Ақмола облысының мектептерінде педагогтерді қолдауға және жаңа бастамаларды енгізуге бағытталған жүйелі түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

«СӨЗ СИҚЫРЫ МЕН БІЛІМ КҮШІ» ЗИЯТКЕРЛІК ВИКТОРИНАСЫ
«Оқырман ұлт» республикалық акциясы аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы «Сөз сиқыры мен білім күші» зияткерлік викторинасын өткізді.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы
«Өрлеу» БАҰО Ақмола облысы бойынша филиалы мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздеріне арналған семинар өткізді.

Өңір мектептеріндегі халықаралық жобаның жүзеге асырылуы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Акмола облысы бойынша филиалының қоғамдық-гуманитарлық бағыт кафедрасының меңгерушісі Алия Кабдушева Британ Кеңесінің «Continuing Professional Development Resources for Secondary School Teachers in Kazakhstan» жобасын жүзеге асыруға қатысады.

«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының жеңімпаздарына арналған онлайн-консультация
Филиалдың аға оқытушылары «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары үшін онлайн-консультация өткізді.

«KÓKSHE» телеарнасындағы сұхбат: педагогтердің кәсіби дамуының басымдықтары
Филиалдың аға оқытушысы Қарагөз Мұкушева «KÓKSHE» облыстық телеарнасының «БҮГІНГІ ТАҚЫРЫП» бағдарламасына қатысты.

Раритеттерден жаңалықтарға дейін: кітапхана қорымен танысу
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының кітапханасында курс тыңдармандарының басын қосқан сирек әрі құнды басылымдар көрмесі өтті.

«Мұғалім журналы» журналы мақалаларына сараптама жүргізу бойынша фокус-топ отырысы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Акмола облысы бойынша филиалында республикалық ғылыми-әдістемелік «Мұғалім журналы» журналына келіп түскен мақалаларға сараптама жүргізу бойынша фокус-топ отырысы өтті.

Зерттеу және жобалау қызметі: бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған онлайн курс
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектеп оқушыларының зерттеу және жобалау қызметі» онлайн біліктілікті арттыру курсы өтуде.

Мемлекет басшысының Жолдауына үн қосу: Kókshe эфиріндегі сарапшылар пікірі
Kókshe облыстық телеарнасының «Мемлекет басшысының Жолдауы: білім берудегі жаңа бағыттар» тақырыбындағы жаңалықтар сюжетіне филиалдың Ақмола облысы бойынша директоры Жанна Байгаринова мен курс тыңдаушылары қатысты

Педагог-ассистенттерді оқыту: инклюзивті тәжірибелер
Инклюзивті білім беруді дамыту бағдарламасы аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Жанар Жамантаева өңір педагогтеріне арналған оқыту курстарын өткізуде.

«Өрлеу» облыстық телеарна эфирінде
Гульдарай Кыркаева, «Өрлеу» Ақмола облысы бойынша филиалының аға оқытушысы, KOKSHE телеарнасының «Пәрменді пікір» бағдарламасының эфирінде сөз сөйледі.

Функционалдық сауаттылық: теориядан практикаға
«Өрлеу» Ақмола облысы бойынша филиалында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар өтті.

«Өрлеу» педагогтеріне арналған халықаралық курс
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының аға оқытушылары Қаракөз Мукушева мен Жаңылсын Жалмұханова «Inclusive Education, Accessibility and AI-Powered Language Tools» тақырыбындағы дәрістер сериясын сәтті аяқтады.

Педагогтер Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының тікелей трансляциясын бірге тамашалады.

Психологиялық кеңес беру: алгоритм, техникалар және практикалық жағдайларды талдау
Психологтар мен педагог-психологтарға арналған семинар өтті. Спикер: Н. Крупская атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы, Жарқайың ауданы Державин қаласынан Аслан Манатов.

Облыстық телеарнасына сұхбат
«Өрлеу» Ақмола облыстық филиалының аға оқытушысы Гульдана Сагындыкова «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық телеарнаға сұхбат берді.

«Өрлеу» филиалындағы кәсіби сағат
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Ақмола облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Жанар Жамантаева әріптестері үшін «Қаржылық сауаттылық негіздері: отбасы бюджетін ұтымды бөлу» тақырыбында кәсіби сағат өткізді.

Қазақ әдебиеті классикасының жаңғырған беттері
«Өрлеу» филиалының Ақмола облысы бойынша бөлімшесінде Республика күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері - курс тыңдаушылары арасында «Жырды жүрекпен сөйлет» көркем оқу кастингі өтті.

Педагог шығармашылық кеші
«Кітап оқитын ұлт» аясында педагог шығармашылық кеші өтті

Портфолиодан санаттарға дейін: аттестаттау бойынша оқыту семинары
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Ақмола облысы бойынша филиалының жаңа аттестаттау ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарына жауапты маманы Гүлдарай Қырқаева Көкшетау қалалық білім бөлімінің сұранысы бойынша білім бөлімінің мамандарына, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілеріне, директорлардың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасарларына арналған оқыту семинарын өткізді. Семинардың негізгі тақырыптары: Педагогтің кәсіби портфолиосын онлайн жүйеде қалыптастыру. Санаттарды беру және…
