Институт туралы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Қарағанды облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы
Тарих
1948 жыл
Қарағанды облыстық мұғалімдерді жетілдіру институты құрылды
1993 жыл
“Тұлғаға бағытталған педагогиканың психологиялық проблемалары” атты бірінші облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді
1994-1995 жыл
Кафедралық жүйе енгізілді, жаратылыстану-математикалық пәндерді оқыту әдістемесі, гуманитарлық пәндерді оқыту кафедралары құрылды. Мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету үшін оқу-әдістемелік кабинет құрылды
1997 жыл
Құрамына білім беру мекемелерінің ТЭЖ-н үйлестіру және дамыту бөлімі, оқу-әдістемелік бөлім, ақпараттандыру бөлімі, ақпараттық-баспа бөлімі, дарынды балалармен жұмыс бөлімі, мониторинг бөлімі кіретін ғылыми-әдістемелік орталық ашылды
1998 жыл
Институттың Жезқазған, Балқаш қалаларында филиалдары ашылды
2000 жылдары
Біліктілікті арттыру институты Облыс әкімі жанындағы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты болып қайта аталды
2001 жыл
Институтта мемлекеттік басқару кафедрасы ашылды
2004 жыл
Әлеуметтік педагогтердің білім беру бағдарламасы дайындалды. Әлеуметтік-психологиялық қызметті тиімді басқару үшін әдістемелік кабинеттермен және орталықтармен ынтымақтастық ұйымдастырылған
2006 жыл
“Мұғалімнің портфолиосы”, “Қашықтықтан оқыту”, “Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілік деңгейлерінің диагностикасы”, “Курс рефлексиясы” модульдері енгізілген “Пән мұғалімдерін тұлғалық-бағдарлы қайта даярлау және біліктілігін арттыру” атты біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасы әзірленді
2007 жыл
Жаңадан тағайындалған басшылар үшін бұрын қабылданған екі деңгейлі модельдің орнына мектеп басшыларының біліктілігін арттырудың және басшылардың әкімшілік-басқару мәдениетінің деңгейін жетілдірудің үш деңгейлі моделі алғаш рет іске асырылды
2008 жыл
Мектепке дейінгі қызметкерлерге арналған “Стандарт жаңа формациядағы педагогтің өзін-өзі іске асыру құралы ретінде” облыстық ғылыми-практикалық конференциясы, патологиясы бар балаларды үздіксіз кешенді оңалту моделін құру бойынша облыстық семинар өткізілді
2012 жыл
Институт “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы “Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” болып қайта құрылды
Институт құрылымы

Біздің оқытушылар
Директор блогы

Құрметті оқырмандар, блогқа қош келдіңіздер!
Директор блогы маған тікелей хабарласуға мүмкіндік береді. Мұнда сіз біліктілікті арттыру курстары мен білім беру саласына қатысты барлық сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз. Мен сіздің кез-келген сұрағыңызға жауап беруге және кері байланыс орнатуға дайынмын!
Құрметпен, Жетписбаева Мейрамгуль Асылбековна Қарағанды облысы бойынша “Өрлеу” филиалының директоры

Жасанды интеллектті меңгеруден – өз шешімдерін әзірлеуге дейін
Қарағанды облысында информатика пәні мұғалімдеріне арналған курстар аяқталды

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Педагогтерді аттестаттаудың жаңа пилоттық жобасын іске асыруға байланысты Қарағанды облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бірнеше бағытта жүргізілуде.

Педагогтерді аттестаттаудың жаңа жобасы
ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

АУТИЗМ СПЕКТРІНІҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ
Қарағанды облысы бойынша «Өрлеу» филиалының біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары «Аутизм спектрінің бұзылыстары: балалар дамуының ерекшеліктері, қалаусыз мінез-құлықтың себептері және педагогикалық сүйемелдеудің тиімді әдістері» тақырыбындағы практикалық бағдарланған семинарға белсенді қатысты.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН
11 қарашада Қарағанды облысының Білім басқармасы алқасының отырысында «Өрлеу» Қарағанды филиалы директорының орынбасары Кушнир Марина Петровна облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Қарағанды облысы бойынша «Өрлеу» филиалының ұйымдастыруымен педагогтерге арналған қаржылық сауаттылықты арттыру курсы жалғасуда.

Ой салатын кітап: «Парасат майданы»
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы аясында алғашқы кітап оқу және талқылау кездесуі өтті.

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ!
БӨЛКЕНБАЕВА АЙГЕРІМ ДӘУЛЕТИАРҚЫЗЫНА «ПЕДАГОГ-ШЕБЕР» БІЛІКТІЛІК САНАТЫ БЕРІЛДІ!

УНИВЕРСИТЕТ ПЕН МЕКТЕП ЫНТЫМАҒЫ: ТЕОРИЯДАН ПРАКТИКАҒА ҚАДАМ
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде «ЖОО мен мектептің өзара байланысы» бағыты аясында «Теориядан практикаға қадам» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында «Білім беру процесінде біртұтас тәрбие құндылықтарын іске асыру» тақырыбында педагогтердің біліктілігін арттыру курсы жалғасуда.

«Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. Көркем еңбек»
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын жалғастыруда.

Педагогтің кәсіби әлеуеті: күшті тұстарын анықтау және даму бағыттарын айқындау
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Қазақ тілі мен әдебиеті» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы жалғасуда.

«Өрлеу» филиалында педагогтердің біліктілігін арттыру курсы өтуде
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды филиалында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Информатика» тақырыбында педагогтердің біліктілігін арттыру курсы өтуде.

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институтының ұжымы мектеп педагогтерімен маңызды кездесу өткізді

Жетписбаева Мейрамгүл Асылбекқызы «Салаға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды
Республика күні қарсаңында «Өрлеу» Қарағанды облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Жетписбаева Мейрамгүл Асылбекқызы білім беру саласын дамытуға және педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға қосқан үлесі үшін марапатталды.

«МЕНІҢ КӘСІБИ ТАБЫСЫМ»: І ОРЫН ИЕГЕРІМЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР!
«Менің кәсіби табысым» облыстық байқауының үздік педагогикалық тәжірибелерімен таныстыруды жалғастырамыз.

«Өрлеу» орталығында Республика күніне арналған іс-шара өтті
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған іс-шара өтті.

АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫСЫ ЖАҚЫП АҚБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 150 ЖЫЛ
Биыл Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, заңгер, қоғам қайраткері Жақып Ақбаевтың туғанына 150 жыл толып отыр.


ЦИФРЛЫҚ ОРТАДАҒЫ ОҚЫРМАНДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ
Қарағанды облысының Теміртау қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Цифрлық ортада бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық сауаттылығын дамыту» тақырыбында педагогтердің біліктілігін арттыру курсы өтуде.

ПИЛОТТЫҚ ЖОБА: АТТЕСТАТТАУ – ПЕДАГОГТІҢ ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ДАМУ ҚҰРАЛЫ
2026 жылғы 25 қыркүйекте «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында орта білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне арналған педагогтерді аттестаттаудан өткізудің пилоттық жобасын түсіндіру бойынша кездесу өтті.

БІЛІМ БЕРУДІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ КӨШБАСШЫЛАРДАН БАСТАЛАДЫ!
2026 жылғы 21 қыркүйекте Қарағанды облысында мектеп директорларына арналған «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ұйымдастырған «Білім берудегі инклюзивті инновациялар үшін трансформациялық көшбасшылық» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы басталды.

«АДАЛ АЗАМАТ» – ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН БАСҚАРУ
2026 жылғы 21 қыркүйекте білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарларына арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары басқарушылық қызметте» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы басталды.

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ: «ТІЛТАНЫМ» ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Қарағанды қаласындағы № 5 ҚББМО мектебінде айтулы оқиға – «Тілтаным» зертханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Филиалдың байланыстары
Мекенжай
г. Караганда, ул. Жанибекова, 42
















