Институт туралы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы
Тарих
1951 жыл
Батыс Қазақстан облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты құрылды
1953 жыл
Тұңғыш «Облыстық педагогикалық оқулар» өткізілді
1978 жыл
Институтта қазақ тілі және әдебиеті кабинеті бойынша мектептерде республикалық семинарлар ұйымдастырылды
1998 жыл
Институтта «Ұстаз» ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналы жарыққа шықты
1999 жыл
Институт қайта құрылып, енді БҚО педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты деп аталды
2000 жыл
Институт Оралда өткен «Үздік жыл мұғалімі» Республикалық конкурсын ұйымдастыруға қатысты
2001 жыл
Институт жанынан Облыстық педагогикалық мұражай құрылды
2002 жыл
Институтта «Жайық ұстазы» ақпараттық, әдістемелік, танымдық газеті жарыққа шықты
2002 жыл
Институт Орал қаласында өткен мектеп оқушыларының Республикалық олимпиадасын ұйымдастырып, өткізуге қатысты
2012 жыл
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы біліктілікті арттыру ұлттық орталығы болып қайта құрылды
Институт құрылымы

Біздің оқытушылар
Директор блогы

Құрметті оқырмандар, блогқа қош келдіңіздер!
Директор блогы маған тікелей хабарласуға мүмкіндік береді. Мұнда сіз біліктілікті арттыру курстары мен білім беру саласына қатысты барлық сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз. Мен сіздің кез-келген сұрағыңызға жауап беруге және кері байланыс орнатуға дайынмын!
Құрметпен, Измуханбетова Софья Салахиденқызы Батыс Қазақстан облысы бойынша “Өрлеу” филиалының директоры

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
26 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының ұйымдастыруымен «Зерттеу нәтижелерінен тәжірибеге: бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар құрастыру» тақырыбында онлайн-практикум өтті. Кәсіби іс-шараға Орал қаласы мен облыс аудандарынан 50 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Практикумға кафедраның аға оқытушысы Ж.Т. Узахова жетекшілік етті.

ХИМИЯ САБАҒЫН ЖОБАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ: КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ВЕБИНАР ӨТТІ
25 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ БҚО бойынша Кәсіби даму институты филиалының Жаратылыстану-математикалық бағыттағы кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы Г. Өтеғұлдың жетекшілігімен «Химия сабағын жобалаудың заманауи тәсілдері: цифрлық құралдар, модельді және дербестендірілген оқыту» тақырыбында курстан кейінгі қолдау вебинары өтті. Кәсіби кездесуге химия пәнінің мұғалімдері қатысып, пәнді оқытудың заманауи бағыттары бойынша тәжірибе алмасты.

«БІР ҒҰМЫР, МЫҢ ШӘКІРТ»: МЕРЕКЕ АХМЕТОВТІҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен Ұстаздар үйінде педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, еңбек және тыл ардагері Мереке Ғұсманұлы Ахметовтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Бір ғұмыр, мың шәкірт» атты дөңгелек үстел өтті. Тағылымды кездесуге ардагер ұстаздың әріптестері, шәкірттері және институт қызметкерлері қатысты.

ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛДАР АРҚЫЛЫ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ: ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-ВОРКШОП ӨТТІ
24 қараша күні «Өрлеу» БҚО бойынша Кәсіби даму институтында қаржылық сауаттылық бойынша интерактивті дидактикалық материалдар әзірлеуге арналған онлайн воркшоп өтті. Кездесуге «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсынан өткен педагогтер қатысып, ЖИ құралдары мен цифрлық платформаларды тиімді қолдану жолдарын талқылады.

«ӨРЛЕУ» ИНСТИТУТЫНДА ТИІМДІ ТӘЛІМГЕРЛІК БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ ӨТТІ
23 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ БҚО бойынша Кәсіби даму институтында Жаратылыстану-математикалық бағыттағы кафедра меңгерушісі, аға оқытушы Г. Өтеғұлдың жетекшілігімен «Тиімді тәлімгерлік: модельдер, құралдар және практикалық шешімдер» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы өтті.

ОРАЛДА ЖАС ПЕДАГОГТЕРГЕ ТӘЛІМГЕРЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
20 қараша күні Орал қаласындағы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институтында «Жас педагогтерге тәлімгерлік: тиімді сүйемелдеу модельдері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

«ОҚУ МӘДЕНИЕТІ – ҰЙЫМ МӘДЕНИЕТІ»: ЕКІНШІ КІТАП ОҚУ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы өз жалғасын тауып, «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында екінші кітап оқу сессиясы өткізілді.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 5 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Бастауыш сынып білім алушыларының оқу мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында вебинар өтті. Іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, жас ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, тұрақты оқу дағдыларын қалыптастыру және оқу мәдениетін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Вебинарды кафедраның аға оқытушысы Д.Ш. Жумагалиева жүргізіп, қатысушыларды кездесудің тақырыбы, мақсаты мен күтілетін нәтижелерімен таныстырды.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ МӘДЕНИЕТІ МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 5 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Мемлекеттік стандарт талаптарын жүзеге асыру: бастауыш сынып оқушыларының оқу мәдениеті мен функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында вебинар өтті. Іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарын оқу үдерісінде жүзеге асырудың өзекті мәселелерін талқылады. Вебинарды кафедраның аға оқытушысы Д.Ш. Жумагалиева жүргізді.

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – МҰҒАЛІМ АССИСТЕНТІ: ИНФОРМАТИКА САБАҒЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ
2026 жылғы 6 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының ұйымдастыруымен информатика пәні мұғалімдеріне арналған вебинар өтті.«Жасанды интеллект – мұғалім ассистенті: Информатика пәні бойынша тиімді ҚМЖ және бағалау тапсырмаларын әзірлеу» тақырыбындағы вебинарға филиалдың аға оқытушысы А.Ж.Абдрахманова жетекшілік етті.

«ОҚУ МӘДЕНИЕТІ – ҰЙЫМ МӘДЕНИЕТІ»: АЛҒАШҚЫ КІТАП ОҚУ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қолға алынған «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы шеңберінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында алғашқы кітап оқу сессиясы өтті.

«ӨРЛЕУДЕ» ТӨРТ КҮНДІК КӘСІБИ ДАМУ АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
5 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Тәжірибеге негізделген оқыту: педагогтердің кәсіби дамуындағы тренердің рөлі» тақырыбындағы төрт күндік оқыту қорытындыланды.

РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ: ТРЕНЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНА БАҒДАР
4 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында кәсіби даму апталығы аясында «Тәжірибеге негізделген оқыту: педагогтердің кәсіби дамуындағы тренердің рөлі» тақырыбындағы төрт күндік оқытудың кезекті семинары өтті. «Рефлексиялық тәжірибе» тақырыбына арналған семинарға филиалдың аға оқытушылары қатысты.

ТӘЖІРИБЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚЫТУ: ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНДАҒЫ ТРЕНЕРДІҢ РӨЛІ
3 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалында кәсіби даму апталығы аясында аға оқытушыларға арналған төрт күндік оқыту басталды. Алғашқы күн «Мұғалімдердің кәсіби даярлығындағы тренердің рөлі: тәжірибеге негізделген оқыту» тақырыбына арналды.

ШЕДОУИНГ: ЖАС ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ БЕЙІМДЕЛУІНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
30 қазан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Шедоуинг – жас педагогтің кәсіби бейімделуінің және тәжірибесін жинақтаудың практикалық тетігі» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептердің педагог-тәлімгерлері мен жас мұғалімдері қатысты.

РОБОТОТЕХНИКА, STEAM ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
29 қазан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Робототехника, STEAM және жасанды интеллект: білім берудегі инновациялық тәсілдер мен практикалық шешімдер» тақырыбында әдістемелік онлайн-практикум өтті.

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАР
Ағымдағы жылдың 29 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының курстан кейінгі қолдау шаралары аясында бастауыш сынып және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған онлайн-практикумдар оздырылды.

«ҚҰНДЫЛЫҚТЫ САБАҚТА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ»: БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-ПРАКТИКУМ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған онлайн-практикум өтті. Қала және облыс педагогтері қатысқан кездесуде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын сабақ мазмұнына кіріктіру жолдары қарастырылды.

ЖИ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАР: ОҚУ ТАПСЫРМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУДІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
27 қазан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалының курстан кейінгі қолдау жұмыстары аясында «ЖИ және цифрлық платформалар арқылы оқу тапсырмаларын әзірлеу» тақырыбында онлайн-сессия ұйымдастырылды. Шараға «Дербестендірілген оқытуға арналған цифрлық технологиялар және жасанды интеллект» біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары қатысты.

ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ЦИФРЛЫҚ ПРОФИЛІН БАҒАЛАУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Батыс Қазақстан облысының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен оқытушыларына арналған вебинар өтті. Іс-шара педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету және кәсіби цифрлық профильді бағалау парағын қолдану тәртібін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
21–22 қазан күндері Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен қосымша білім беру педагогтері мен мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған онлайн түсіндіру кездесулері өтті.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК АПТАЛЫҒЫ: ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАМУ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы жалғасуда.

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
8 қазан күні жоспарға сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы директорының орынбасары К. Байкатованың жетекшілігімен институт базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан тыңдаушыларға педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесуге тарих, информатика, география және бастауыш сынып мұғалімдері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, әдіскерлер мен басшы орынбасарлары қатысты. Барлығы 100-ден астам…

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ – 2026» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетіп, Батыс Қазақстан облысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Биыл ауқымды байқауға облыстан 1359 педагог қатысып, кәсіби тәжірибелері мен озық педагогикалық идеяларын ұсынды. Қорытынды бойынша 7 бағытта жүлдегерлер анықталды. Әр бағыт бойынша І орын иеленген педагогтер республикалық кезеңге жолдама алды. ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ: ЖАРАТЫЛЫСТАНУ- ҒЫЛЫМИ…

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ
28 қыркүйектен бастап «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында мемлекеттік тапсырыс негізіндегі біліктілікті арттыру курстары басталды. 9 қазанға дейін жалғасатын оқу бағдарламалары педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, заманауи оқыту тәсілдерін меңгеруге және педагогикалық тәжірибені жетілдіруге бағытталған. Курс аясында тарих, информатика, география, бастауыш сынып мұғалімдері, орта білім беру ұйымдарының педагогтері, сондай-ақ әдіскерлер…

СЕМИНАР: XI ҒАСЫР МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫН БАСҚАРУ: СТРАТЕГИЯЛАР ЖӘНЕ ТИІМДІ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ ТӘСІЛДЕРІ
25 қыркүйек күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институтында білім беру ұйымдарының басшылары мен басшы орынбасарларына арналған облыстық семинар-практикум өтті. ⠀ Семинардың негізгі мақсаты – XXI ғасыр мұғалімінің кәсіби дамуын басқару мен қолдаудың тиімді тетіктерін айқындау, педагогтердің кәсіби өсуіне қолайлы жағдай қалыптастыру және білім беру үдерісіндегі нәтижелі өзара іс-қимылды ұйымдастыру құзыреттерін…

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
21-22 қыркүйек күндері «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы директорының орынбасары К. Байкатованың қатысуымен Бәйтерек және Ақжайық, Бөкейорда және Бөрлі аудандарының орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Zoom платформасында ұйымдастырылған онлайн кездесуге 250-ден астам педагог қатысып, педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы туралы маңызды ақпаратпен танысты. Кездесу барысында педагогтерді аттестаттау рәсімін оңтайландыру және…

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ КУРСЫ
14 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Батыс Қазақстан филиалының базасында «Қаржылық сауаттылық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы басталды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалының директоры С.С. Измуханбетова және Қазақстан Ұлттық Банкінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы басшысының орынбасары С.С. Родин курс тыңдаушыларымен кездесіп, педагогтерге сәттілік тіледі. ⠀ 14–18…

«Өрлеу» Басқарма төрағасы Батыс Қазақстан облысындағы филиалдың жұмысымен танысты
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары өңірлік Кәсіби даму институтында жалғасты. Сапар барысында филиалдың материалдық-техникалық базасы, кадрлық әлеуеті, педагогтердің біліктілігін арттыруға жасалған жағдайлар мен негізгі жұмыс нәтижелері таныстырылды. Филиал директоры Софья Ізмұханбетова институттың қызметі мен жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады. Биыл мемлекеттік тапсырыс аясында облыстың…
Филиалдың байланыстары
Мекенжай
г. Уральск, проспект Абая, 238/2
















