Институт туралы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы
Тарих
1944 жыл
КазКСР Халық Комиссарлар Советінің 1944 жылғы 15 ақпандағы №200 қарары мен Қазақстан халық ағарту комиссариатының 1944 жылғы 27 қазандағы бұйрығына сәйкес Қызылорда облыстық еңбекшілер депутаттары Кеңес атқару комитетінің 1944 жылғы 22 қарашадағы №540 шешімімен «Облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты» болып құрылады. Институт штаты 12 адамнан құралды, орта мектеп және бастауыш мектеп кабинеттері жұмыс істеді. Институтқа 1928 жылы салынған Қазақ көшесі, 3-ші үйден (қазіргі М.Әуезов көшесі) үш бөлме беріледі.
1950-1951 жыл
1950-1951 оқу жылында бастауыш сынып және 5-10 сыныптардағы математика, физика пәндерінің мұғалімдерін тікелей-сырттай оқытатын курстар ұйымдастырылды. 251 тыңдаушы курстан өтті.
1963-1964 жыл
1963-1964 оқу жылында институт негізінен педагогикалық озат тәжірибені мектеп практикасына енгізуден, оқу-тәрбие жұмыстарына оқытудың жаңа формалары мен тиімді әдістерін қолданудан Ростов, Воронеж, Липецк мұғалімдерінің іс-тәжірибелері облыс мектептеріне таратылып, мұғалімдердің кәсіби шеберліктері артты.
1984 жыл
1984 жылы «Жалпы білім беретін мектептер мен кәсіптік білім беретін мектептердің білім мазмұнын жетілдіру» туралы мектеп реформасы қолға алынды. Аталмыш реформада бастауыш мектеп қайтадан үш жылдық, сегіз жылдық мектеп орталау тоғыз жылдық, он жылдық қайтадан орта білім беретін он бір жылдық болып өзгертілді.
1991-1992 жыл
1991-1992 оқу жылынан бастап институт ұжымы «Халықтық педагогиканың негізгі принциптерін» оқу-тәрбие жұмысына кеңінен енгізу жолдарын зерттеді.
2000 жыл
2000 жылы – институттың қызмет ауқымының кеңеюіне байланысты бұған дейін облыстық білім басқармасының қарамағында болып келген облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты облыс әкімінің құзырына өтіп, «Облыс әкімінің кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» болып қайта құрылды. Педагог қауымның ғана білімін жетілдіріп келген институт көпсалалы білім жетілдіру орнына айналды.
2012 жыл
1944-2012 жылдар аралығында дейін облыс бойынша біліктілік арттырудан 80000 астам мұғалім курстан өтті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №232 қаулысына сәйкес елімізде ТМД елдері арасында ешқандай баламасы жоқ, біліктілік арттырудың жаңа жүйесі – «Өрлеу» БАҰО » АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты болып құрылды. 2012 жылдан қазіргі уақытта дейін аймақ бойынша педагогтердің 1319 біліктілік арттыру курсы өтіп, оған 34402 тыңдаушы қамтылды.
Институт құрылымы

Біздің оқытушылар

Серикбаев Сакен Карбозович
Директордың орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты
serikbaev_s@orleu.edu.kz
Исаева Жанар Аманжоловна
Кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты
issayeva_z@orleu.edu.kz

















Филиал директоры

Нурлыбаева Жанат Лесбековна Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
ҚР Ұлттық банкі мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бірлескен жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды.

САБАҚТЫ ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ – КӘСІБИ ДАМУДЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ
«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында педагогтерді курстан кейінгі қолдау мақсатында «Үштік спираль» моделі аясында тарих және құқық негіздері пәндерінің мұғалімдері мен әдіскерлеріне арналған бірлескен онлайн вебинар өткізілді.

ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ПАРАДИГМАСЫ: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесін жаңғырту, цифрлық технологияларды дамыту және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелерін еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҮНДЕСТІГІ: КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Бүгінде жасанды интеллект – білім алушының шығармашылық әлеуетін ашуға, тың идеяларын жүзеге асыруға және оқу үдерісін жаңа мазмұнмен толықтыруға мүмкіндік беретін заманауи құрал. Әсіресе, шығармашылық пен практикалық әрекетке негізделген көркем еңбек пәнінде оның мүмкіндігі мол.

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: ӘРБІР БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ МҮМКІНДІГІН ЕСКЕРЕТІН ОҚУ ОРТАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Білім берудегі тең мүмкіндік – әрбір білім алушының жеке ерекшелігі мен әлеуетін ескеріп, оның сапалы білім алуына жағдай жасаудан басталады. Осы бағыттағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында филиалда курстан кейінгі қолдау жұмыстары жалғасуда.

ҰЛТТЫҚ КОД ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында білім мен ғылымды, озық инновациялар мен жаңа технологияларды ел дамуының маңызды қозғаушы күші ретінде атап өтіп, жасанды интеллектіні терең меңгерудің стратегиялық маңыздылығына тоқталды.

КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ: ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖИ: МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ИНТЕРАКТИВТІ ТӘСІЛДЕРІ
Филиалда «Оқу сауаттылығы және ЖИ: мәтінмен жұмыс істеудің интерактивті тәсілдері» тақырыбында курстан кейінгі қолдау вебинары өткізілді.

ПЕДАГОГТЕРДІ КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ – БАСТЫ НАЗАРДА
Филиалда «Үштік спираль» моделі негізінде Қызылорда облысының білім басқармасы – «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы – инклюзивті білім беру бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен мектеп басшылары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен вебинар өткізілді.

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒДАРЫ
Бүгін «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері мен курс тыңдаушылары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының өзекті міндеттеріне арналған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын тыңдады.

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА БЕЛЕС: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МҮМКІНДІКТЕРІ
Филиалдың жылдық жоспарына сәйкес «Жасанды интеллект және білім берудің жаңа парадигмасы: мұғалім мен технологияның үндестігі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.

ӨРЛЕУ-TRAINER: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ЖЕКЕЛЕНДІРІЛГЕН ОҚЫТУ ЖӘНЕ ПРОМПТ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Филиалда ұйымдастырылған кәсіби даму апталығы аясында аға оқытушылардың цифрлық құзыреттерін жетілдіруге арналған шеберлік сыныбы өтті.

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлаудың білім беру мазмұнын жаңарту және инклюзивті білім беруді дамыту мәселелеріне арналған республикалық форсайт-сессия өтті.

ӨРЛЕУ-TRAINER: БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Филиалдың аға оқытушыларына арналған кәсіби даму апталығы «ISO 21001:2018 – заманауи білім беру экожүйесін басқару» тақырыбындағы экспресс семинармен жалғасты.

ӨРЛЕУ-TRAINER: САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Филиалда «Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы аясында өткен шеберлік сыныбында аға оқытушылар «Сабақты білім алушының құзыреттерін дамытуға бағыттап, қалай жоспарлауға болады?» деген сұрақтың практикалық шешімдерін «Scaffold» карточкалары арқылы қарастырды.

ӨРЛЕУ-TRAINER: КӘСІБИ ДАМУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Филиалда тренерлерге арналған «Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы басталды. Тренерлердің шығармашылық әлеуетін ашу, озық педагогикалық идеялар мен авторлық бағдарламаларды анықтау бағытындағы оқыту семинарларының қорытындысы бойынша үздік авторлық әдістемелер жинағы шығарылып, жұмыс тәжірибесіне енгізіледі.

СЫР ӨҢІРІНІҢ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Ұстаздар күніне орай «Өнер орталығында» «Ұстаз – қанат, шәкірт – қауырсын» атты салтанатты шара өтіп, Сыр өңірінің үздік педагогтері марапатталды. Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев ұстаздарды төл мерекесімен құттықтап, аймақтың дамуы мен жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлестері үшін алғысын білдірді. Мерекелік жиында білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Қызылорда…

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ – 2026» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ
«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» республикалық байқауы өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен биыл сегізінші мәрте өткізілген республикалық байқаудың өңірлік кезеңі аяқталды. Байқаудың өңірлік кезеңіне Қызылорда облысынан 7 бағыт бойынша 826 педагогтен өтінім келіп түскен. Оның ішінде, шығармашылық жұмыстары жоғары бағаланған 42 қатысушы өңірлік кезеңнің…

ЗАҢНАМАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР: ЖАҢА ТАЛАПТАР ТҮСІНДІРІЛДІ
Институт қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған оқыту семинары өтті. Семинарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері Сағидолла Сәкенов жүргізді. Кездесуде квазимемлекеттік сектордағы комплаенс жұмысына қойылатын жаңа талаптар, қызметкерлерге қатысты шектеулер мен жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Семинар барысында: – Қандай тұлғаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылады? – Мүдделер қақтығысы…

ПЕДАГОГТЕРДІ КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ – БАСТЫ НАЗАРДА
Педагогтерді курстан кейінгі сүйемелдеу – кәсіби дамуды тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік беретін маңызды кезең. Филиалда педагогтерді курстан кейінгі қолдау жүйесіндегі өзгерістер туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Өңірдегі білім беру ұйымдарының басшыларымен өткен кездесу барысында педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру мен курстан кейінгі қолдауды реттейтін нормативтік құжаттарға, соның ішінде ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы…

ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ – АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ
«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын бастауыш сынып пәндерінің мазмұнына интеграциялау» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Білім беру бағдарламасы педагогтердің оқу үдерісіне тәрбиелік міндеттерді бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай, педагогикалық тұрғыдан тиімді енгізу құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Курс барысында тыңдаушылар: ▪️ сабақтар мен тәрбиелік іс-шаралардың мақсаттарына құндылықтық бағдарларды енгізуді; ▪️…

ПЕДАГОГТЕРДІ КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ – БАСТЫ НАЗАРДА
Бүгін филиалда педагогтерді курстан кейінгі қолдау жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған іс-қимыл жоспары әзірленді. Білім сапасын арттыруда курстан кейінгі қолдаудың маңызы зор. Осыған орай, педагогтердің курста алған дағдыларын тәжірибеде тиімді қолдануына әдістемелік қолдау көрсету, кәсіби қажеттіліктерін анықтау және үздіксіз дамуына жағдай жасау бағыттары айқындалды. Облыстық білім басқармасымен бірлесіп атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары нақтыланып, курстан кейінгі қолдауды…

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
16 қыркүйектен бастап «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы бойынша мектепке дейінгі, орта білім беру, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне консультациялық-әдістемелік қолдау көрсетілуде. Негізгі мақсат – педагогтерге қажетті ақпаратты түсінікті әрі нақты жеткізу, аттестаттауға қатысты сауалдарына жауап беру. Кездесу барысында ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы №159-НҚ…

ЖАС МАМАННЫҢ КӘСІБИ БЕЙІМДЕЛУІ: ҚИЫНДЫҚТАР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Бүгін филиалда жас педагогтерге кәсіби қолдау көрсету мақсатында «Жас маманның кәсіби бейімделуі: қиындықтар мен шешу жолдары» тақырыбында кәсіби networking ұйымдастырылды. Кездесу жас мамандардың кәсіби бейімделу барысында кездесетін негізгі қиындықтарын анықтауға, оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыруға және мектеп басшыларымен тәжірибе алмасуға бағытталды. Кәсіби алаң барысында мектеп басшылары мен жас мамандар педагогикалық қызметте кездесетін нақты жағдаяттық кейстермен…

ЖАС МАМАННАН – ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗҒА: АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫ
Бүгін «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында жас педагогтерге кәсіби қолдау көрсетуге бағытталған тәлімгерлік диалог өтті. Кездесу мектеп басшылары мен жас мамандар арасындағы еркін әрі ашық сұхбат түрінде ұйымдастырылды. Диалогтың негізгі мақсаты – педагогикалық қызметке жаңадан қадам басқан мамандардың кәсіби ортаға бейімделуіне қолдау көрсету, мұғалімдік жолдың алғашқы кезеңінде кездесетін қиындықтарды тәжірибелі мектеп басшыларымен бірге талқылау және нақты…

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін филиалда ҚР Ұлттық банкі мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бірлескен жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсының үшінші легі басталды. Қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Ұлттық Банкі және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы арасындағы үшжақты келісім негізінде жүзеге…

ЖИ ДӘУІРІНДЕГІ МЕКТЕП МӘДЕНИЕТІ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ОРТАҚ ШЕШІМДЕР
«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект дәуіріндегі мектеп мәдениеті: мұғалімнің әл-ауқаты мен этикалық жауапкершілік теңгерімі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті. Конференция жұмысына өңірлік жоғары оқу орындарының, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының профессорлық-оқытушылық құрамы, техникалық және кәсіптік, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Конференция жұмысында жасанды интеллектінің мектеп мәдениетіне…
Филиалдың байланыстары
Мекенжай
г. Кызылорда, ул. Айтеке би, 2
