Институт туралы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы
Тарих
1948 жыл
Облыстық мұғалімдерді жетілдіру Институты құрылды
1985 жыл
КСРО ПҒА вице-президенті Ю. к. Бабанскийдің қатысуымен «Педагогикалық ғылым мен педагогикалық тәжірибенің жетістіктерін мектептердің жұмыс тәжірибесіне енгізу» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді
1993 жыл
Облыстық мұғалімдерді жетілдіру Институты жанында жалпы білім беретін лицейдің ашылуы
1999 жыл
Солтүстік Қазақстан педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының Жарғысы қабылданды
2012 жыл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» РМҚК Жарғысы тіркелді
2014 жыл
Филиалдың профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің Ұлыбритания, Франция, Оңтүстік Кореядағы тағылымдамалары ұйымдастырылды. «2014 жылдың үздік психологы» Республикалық конкурсы және «Ауылдық мектеп жағдайында АКТ пайдалану» Республикалық семинары өткізілді.
2016 жыл
«Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері» тақырыбы бойынша blended learning (аралас оқыту) форматында біліктілікті арттыру курстарын іске қосу. Білім беру ұйымдарының басшылары, республикалық және халықаралық кәсіби конкурстардың жеңімпаздары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатарынан «Білім берудегі көшбасшы» клубы құрылды. «БІЛІМ БЕРУ БАЛАЛАРЫ – БАЛАЛАРҒА БІЛІМ БЕРУ» жаңа интернет-басылымы іске қосылды.
2017 жыл
Петропавл қ. «НЗМ ХББ» ДБҰ-мен бірлесіп «Бастауыш білім беруде оқу процесін жоспарлауда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту» республикалық workshop STI өткізілді. «2+1: Өзіңнен баста!» БҰО мұғалімдерінің республикалық форумы өтті. World Café «Білім беру көшбасшылары клубы» іске қосылды. Жедел әрекет ету топтары құрылды.
2018 жыл
«Өрлеу» БАҰО» АҚ басқармасының қатысуымен М. Жұмабаевтың 125 жылдығы мен В.Сухомлинскийдің 100 жылдығына орай алғаш рет Workshop Time (педагогикалық шеберхана) «Тәлімгерлік педагогтардың кәсіби дамуының факторы ретінде» тақырыбында өткізілді. Пәндік-тілдік курстарда оқытылған 54 мұғалім ТКТ CLIL емтиханынан 100% сертификатталды. Курс тыңдаушылары үшін «Интерактивті қабылдау аймағы» жобасы әзірленді, сынақтан өткізілді және енгізілді. «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейне-сабақтар және бейне-дәрістер республикалық байқауының аймақтық кезеңінің жүлдегері. «Солтүстік Қазақстанның білім мен ғылымның алтын қоры» Педагогикалық әулеттер форумы өтті.
2019 жыл
Курстық даярлықтың белсенді педагогтеріне «Үздік тыңдаушы» мәртебесін беру басталды. «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейне – сабақтар мен бейне-дәрістердің Республикалық байқауында СҚО педагогтарының 14 жүлделі орны. «Өрлеу және мектеп әріптестігіндегі сабақ» жобасының басталуы.
2020 жыл
Филиалдың Ғылыми-зерттеу қызметінің «Қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайту мақсатында педагогтердің кәсіби дамуын ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу» атты жаңа тақырыбы бекітілді. «Еліміздің үздік педагогтерінің эстафетасын» ұйымдастыру үшін виртуалды Білім беру бағыты аясында 1-11 сынып пәндері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын мектептер үшін 189 бейнесабақ әзірленді. «Өрлеумен бейресми білім беру» жобасын іске қосылды. «Білім берудегі көшбасшылықтың табиғаты мен бағыттары» білім беру LiveOnStage өткізілді.
2021 жыл
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Өңірлік білім жаңалықтары» әлеуметтік-білім беру жобасы іске қосылды. «ШЖМ: практика және даму үрдістері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. «Ауыл мектебі – елдің бесігі» жобасы аясында вебинарлар сериясы өткізілді.
Институт құрылымы

Біздің оқытушылар
Директор блогы

Құрметті оқырмандар, блогқа қош келдіңіздер!
Директор блогы маған тікелей хабарласуға мүмкіндік береді. Мұнда сіз біліктілікті арттыру курстары мен білім беру саласына қатысты барлық сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз. Мен сіздің кез-келген сұрағыңызға жауап беруге және кері байланыс орнатуға дайынмын!
Құрметпен, Әлмағамбетова Лейла Серікқызы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша “Өрлеу” филиалының директоры


























Әріптестерімізді құттықтаймыз!
«Өрлеу» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының ұжымы ҚГБ кафедрасының меңгерушісі Наталья Даниловна Подкомаровскаяны және кафедраның аға оқытушысы Асем Едильжановна Ахметованы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасы Ғалымжан Алматовтың Алғыс хатын алуымен құттықтайды! Алғыс хатта олардың біліктілікті арттыру курстарының бағдарламаларын сапалы әзірлеуге және тиімді іске асыруға, педагогтердің кәсіби дамуына және білім сапасын арттыруға қосқан үлесі атап өтілді.



«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» байқауының қорытындысын жариялаймыз!
Байқауды ұйымдастырушы – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы. Байқау ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №514 бұйрығымен ббекітілген іс-шаралар тізбесіне енгізілген, бұл оның педагогтердің кәсіби жетістіктерін мойындаудағы маңыздылығын айқындайды. Бүгін I, II және III орын иеленген жеңімпаздардың есімдерін жариялаймыз. Әріптестерімізді лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Олардың жоғары кәсіби шеберлігі мен педагогикалық идеяларын сәтті таныстыра білуі жоғары бағалауға лайық. I орын…











«№4 орта мектеп» базасында «Өрлеу» СҚО филиалы ұйымдастырған «PISA деректерін басқару және педагогикалық қызметте интерпретациялау тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар жұмысына 104 педагог пен 66 білім алушы қатысты. Кездесуде мектеп директорлары мен директор орынбасарлары, бастауыш сынып, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, биология және басқа да пән мұғалімдері болды. Семинардың басты назарында PISA зерттеуінің деректерін дұрыс оқу және интерпретациялау, маңыздысы – зерттеу нәтижелерін нақты басқарушылық және педагогикалық шешімдерге айналдыру мәселелері болды. Пленарлық бөлімде «Өрлеу-СКО»…

СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күні аясында «Мемлекеттік тіл – ғылым мен білімнің тұғыры» республикалық форумы өтті.
Форум аясында «Өрлеу» СҚО филиалының ҚҒБ кафедрасының аға оқытушысы Гүлзат Әлжанова Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Марапат Гүлзат Кенжебекқызына Қазақстан Республикасының жоғары білім және ғылым саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі, өркендеу жолындағы абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін табысталды. Гүлзат Кенжебекқызын лайықты марапатымен құттықтаймыз! Кәсіби қызметіңізге толағай табыс, жаңа жетістіктер…






«Өрлеу» мен Қазақстан шахмат федерациясы педагогтердің кәсіби дамуы үшін күш біріктіреді
«Өрлеу» БАҰО» АҚ мен «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов пен Қазақстан шахмат федерациясының Бірінші вице-президенті Дәрмен Садвакасов қол қойды. Меморандум педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, шахматты білім беру үдерісінде тиімді қолдануға және бірлескен курстар мен оқу-әдістемелік жұмыстарды дамытуға бағытталған. Осы ынтымақтастық аясында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша…




«СҚО-Өрлеу» филиалының қоғамдық-гуманитарлық бағыт кафедрасының аға оқытушысы Джаксалыкова Асель Сарымовна Америкалық Орталық Азия университетінің (AUCA) Master of Arts in Teaching академиялық дәрежесін алып, магистрлік диссертациясын сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл маңызды жетістік – жоғары кәсібиліктің, табандылықтың, мақсаткерліктің және үздіксіз дамуға деген ұмтылыстың жарқын көрінісі. Асель Сарымовна жаңа кәсіби белестерді бағындыруына, шығармашылық шабытқа, қызықты жобаларға және алдағы уақытта толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!

Бүгін «СҚО-Өрлеу» филиалында арнайы және инклюзивті білім беру педагогтеріне арналған «Soft skills – трендте» облыстық қашықтық конкурсының жеңімпаздары және жүлдегерлерін марапаттаудың ресми салтанатты рәсімі өтті.
Конкурс Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы КММ бекіткен іс-шаралардың ресми пулына енгізілген. Айта кету керек, конкурс 2021 жылдан бері өткізіліп келеді және жыл сайын өз тәжірибесімен, тиімді практикаларымен және нәтижелі кейстерімен бөлісуге ниетті педагогтердің қызығушылығын арттыруда. Конкурс аясында қазылар алқасы қатысушылардың арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы нақты педагогикалық жағдайлар, жұмыс әдістері мен тәсілдері…

«Өрлеу» саясаты профессорлық-оқытушылық құрам және әкімшілік блоктың жүйелі кәсіби дамуына бағытталған. «СҚО-Өрлеу» филиалының профессорлық-оқытушылық құрамы біліктілігін тұрақты түрде арттырып, оқудан өтіп, кәсіби құзыреттерін дамытып келеді.
Осы орайда директордың орынбасары Айнагуль Кабдирова «Meta Leader» халықаралық NLP&Coaching Center орталығында 280 сағаттық коучингтік оқыту бағдарламасын аяқтап, «Сертификатталған кәсіби коуч (PCC)» біліктілігін алды. Сертификат бағдарламаны толық меңгергенін және кәсіби деңгейде коучингтік құзыреттерді игергенін растайды (Association of Professional Coaches). Сонымен қатар, Британдық Кеңес пен «Өрлеу» БАҰО» АҚ бірлесіп жүзеге асырып жатқан Accelerating English Language Learning…

«СҚО-Өрлеу» филиалы және «Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ бірлесіп, Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Бастауыш сыныпта функционалдық сауаттылық: жасанды интеллект құралдарын қолдану тәжірибесі» тақырыбында республикалық семинар өткізді.
Семинарға Астана қаласы, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан педагогтер қатысты. Қатысушылардың жалпы саны офлайн форматта 70 педагогті, ал онлайн қосылымда 300-ден астам қатысушыны құрады. Пленарлық бөлімде төмендегі спикерлер сөз сөйледі: Лейла Альмагамбетова, Петропавл қаласы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор; Бақыт Алдабергенова, Петропавл…




Бүгін «Ағылшын тілі мұғалімдерінің халықаралық форумы: «Тұрақты педагог: заманауи әдістеменің цифрландырылуы және ағылшын тілін оқытудағы үздіксіз даму» тақырыбында форум өтті.
Форум түрлі елдерден келген педагогтерді, сарапшылар мен практиктерді біріктіріп, кәсіби диалог пен тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды. Форум модераторы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының аға оқытушысы Әсел Жақсылықова болды. 🎤 Пленарлық отырыс барысында цифрлық трансформация, жасанды интеллектті қолдану, сондай-ақ оқыту мен мұғалімдерді дамытудағы жаңа тәсілдерге қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Спикерлер қатарында: • Лейла Альмагамбетова, қауымдастырылған профессор…

«Жүзден жүйрік – 2026»
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарының қазақ, орыс және ағылшын тілі мұғалімдері арасында өтетін «Жүзден жүйрік – 2026» облыстық кәсіби шеберлік байқауының екінші кезеңі өтуде. Бұл – кәсіби даму, тәжірибе алмасу және шабыт алуға арналған маңызды алаң. Қатысушылар TED-talk форматында өздерінің авторлық идеяларын ұсынып, тәжірибелерімен бөлісіп, білім берудегі заманауи тәсілдерді көрсетуде. Барлық қатысушыларға…









