Институт туралы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы
Тарих
1937 жыл
Қостанай облыстық білім беру бөлімі жанында әдістемелік кабинет құрылды
1942 жыл
Қостанай мұғалімдер институты жанында директорлар мен оқу меңгерушілеріне арналған педагогиканың түрлі мәселелері бойынша педагогика және психология бойынша дәрістер мен семинарлар ұйымдастыратын алғашқы “мұғалімдерді жетілдіру факультеті” құрылды
1948 жыл
Әдістемелік кабинет Мұғалімдерді жетілдіру институтына қайта ұйымдастырылды
1996 жыл
Облыстық мұғалімдерді жетілдіру институты білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтына қайта аталды
1998 жыл
«Қостанай педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (МКҚК) қайта аталды
2004 - 2005 жылдары
Институттың алғашқы мерзімді басылымы – «Білім-инфо» ғылыми-әдістемелік хабаршы шығарыла бастады Білім берудің жаңа үлгісін енгізу бойынша эксперименттік жұмыстармен айналысатын зертхана ашылды
2008 жыл
«Қостанай педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» МКҚК «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» МКҚК-на қайта аталды
2012 жыл
«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» МКҚК-ы Білім және ғылым министрлігі және Қостанай облысының «Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» РМҚК-на қайта аталды, содан кейін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» болып қайта құрылды
2013 жыл
Полиэтникалық мәдениет бойынша дәстүрлі халықаралық ғылыми-практикалық конференция мен «Жарқын белес» Республикалық педагогтер форумына бастау берілді.
2014 жыл
Филиалдың қызметі Ресей Жаратылыстану Академиясының наградаларымен бағаланды. «Вестник «Өрлеу»-kst» ғылыми-әдістемелік журнал РҒДИ импакт-факторын алды
2015 жыл
филиалда «Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру: жағдайы, тәжірибесі, келешегі» халықаралық ғылыми-практикалық конференция, «ХХІ ғасыр мектебі жас мұғалім көзқарасымен» республикалық ғылыми-практикалық конференция және «Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық» өңірлік ғылыми-практикалық конференциясы өтті
2017 жыл
«Вестник «Өрлеу»-kst» ғылыми-әдістемелік журналы «Педагогическая наука и практика» атауын алды
Институт құрылымы

Біздің оқытушылар
Директор блогы

Құрметті оқырмандар, блогқа қош келдіңіздер!
Директор блогы маған тікелей хабарласуға мүмкіндік береді. Мұнда сіз біліктілікті арттыру курстары мен білім беру саласына қатысты барлық сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз. Мен сіздің кез-келген сұрағыңызға жауап беруге және кері байланыс орнатуға дайынмын!
Құрметпен, Мусабекова Гульвира Айдархановна Қостанай облысы бойынша “Өрлеу” филиалының директоры
Әзірге жаңалықтар жоқ





