Институт туралы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы
Тарих
22 қазан 1965 жыл
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығын орындауға байланысты іс-шаралар туралы» ҚазССР Министрлер Кеңесінің 1965 жылғы 22 қазандағы № 688 қаулысының негізінде, Қазақ ССР Тың өлкесін тарату туралы Целинный өлкелік мұғалімдерді жетілдіру институтын Целиноградта орналасқан Қазақ ССР Ағарту министрлігінің мұғалімдерді жетілдіру Орталық институтына айналдыру жүргізілді, оның қызметінің басты бағыттарының бірі республиканың басшы кадрларының біліктілігін арттыру болды.
1966-1976 жылдары
ОМЖИ 1966-1975 жылдары КСРО ХШЖК-де 30-ға жуық көрме өткізді, 24 мектептің тәжірибесін, халықтық білім берудің 4 бөлімінің және 12 мектепке дейінгі ұйымның тәжірибесін көрсетті. 200-ге жуық адам КСРО ХШЖК медальдарын алды, ал қатысушылар 10 мың рубльден астам ақшалай сыйлық алды. ОМЖИ Жапонияда, Египетте, Эстонияда, Арменияда, Венгрияда Қазақстан апталығын өткізді. Үздіксіз жұмыс істеп тұрған көрмеде ОМЖИ біліктілікті арттыру курстарын өткізу кезінде қолдану және көрсету үшін: 44 альбом, 255 әзірлеме, ірі ғалымдар дәрістерінің жазбаларын, ҚазКСР мұғалімдерінің IV съезі, мұғалімдердің II Бүкілодақтық съезі туралы біздің қызметкерлеріміз жасаған диафильмдері.
1976 жыл
Жоғары деңгейдегі курстарды, семинарларды және басқа да іс-шараларды өткізетін дәріскерлер анықталды. 1976 жылға қарай ОМЖИ-да 800 адамнан тұратын оқытушылар құрамы белсенді болды, олардың ішінде 14 академик пен корреспондент-мүшелері, 25 ғылым докторы бар.
1996 жыл
1996 жылы мұғалімдерді жетілдірудің Орталық институты білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттырудың республикалық институты болып қайта аталды. ОМЖИ, ББЖҚБАРИ қызметкерлері Кеңес Одағы бойынша Бүкілодақтық Педагогикалық оқуларға, ғылыми конференцияларға, семинарларға белсенді қатысты. Көптеген танымал ғалымдар мен педагогтар ОМЖИ-да дәріс оқыды (Ю.К. Бабанский, М.М.Поташник, Ш.Амонашвили және басқалар).
1965 - 2020 жылдары
1965 жылдан 2020 жылға дейін ОМЖИ, ББЖҚБАРИ-да ТМД елдері мен Қазақстанның білім беру ұйымдарының 2,5 млн.астам басшыларын оқытты.
Институт құрылымы

Біздің оқытушылар
Филиал директоры

Галимжанова Маржан Анесовна Алматы қаласы бойынша филиалының директоры

БІЛІМ МЕН ИННОВАЦИЯ: ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Қазіргі білім беру жүйесі цифрлық технологиялардың қарқынды дамуымен қатар жаңа талаптар мен мүмкіндіктерге ие болуда. Әсіресе жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне тиімді енгізу, оқытудың заманауи әдістемелерін жетілдіру және білім алушылардың зерттеушілік құзыреттілігін дамыту – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Оқу мәдениеті – ортақ құндылық
Кітап оқу – рухани дамудың, зияткерлік өсудің және дүниетанымды кеңейтудің маңызды құралы. Оқу мәдениетін қалыптастыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының барлық филиалдары «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» атты ортақ акцияны бастады. Бастама «Кітап оқитын ұлт» жобасын қолдау аясында жүзеге асырылуда.

Білім саласының көрнекті ғалымымен тағылымды кездесу өтті
«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалында педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқарбек Қабыкенұлы Құсайыновпен кездесу өтті. Бұл кездесу институт ұжымы үшін білім беру саласындағы ғылыми көзқарастарды тікелей көрнекті маманның аузынан тыңдауға мүмкіндік берді.

«Мейірім» оңалту орталығында инклюзивті білім берудің тәжірибелік сабағы өтті
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтында «Инклюзивті тәсілдер: білім алушылардың оқу қиындықтарын еңсеру» тақырыбындағы курс аясында тыңдаушылар «Мейірім» оңалту орталығында тәжірибелік сабаққа қатысты. Теорияда меңгерген білімді нақты жұмыс ортасында көру инклюзивті тәсілдердің іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін түсінуге мүмкіндік берді.

ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ – САПАЛЫ БІЛІМНІҢ НЕГІЗІ
Алматы қаласындағы №173 мектеп-лицейде педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасына арналған қалалық семинар өтті. Кездесу барысында аттестаттаудың жаңа форматы, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, «Ұстаз» платформасын пайдалану және озық педагогикалық тәжірибені тарату мәселелері талқыланды.

«Өрлеу»: цифрлық білім беру жағдайында педагогтерді қолдау
2026 жылғы 26 қазанда Алматы қаласында өткен USTAZ · НОВЫЙ ВЗГЛЯД педагогикалық форумында білім беру жүйесіндегі цифрлық өзгерістер және педагогтердің кәсіби қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды. Форум аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалының Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Марзия Сабыржанқызы Алшынбекова сөз сөйлеп, педагогтерді аттестаттауды цифрландыру жағдайындағы техникалық қолдау мәселесіне назар аударды.

«Уақыт пен кеңістік симбиозы»: тарих пен география тоғысындағы шығармашылық хакатон
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтында тарих пен география пәндерін кіріктіре оқытуға, зерттеушілік дағдыларды дамытуға және тарихи сананы қалыптастыруға бағытталған «Уақыт пен кеңістік симбиозы» атты онлайн шығармашылық хакатон өтті.

Бірлескен бастамаларға жол ашқан меморандум: «Өрлеу» мен «Мейірім» ынтымақтастықты нығайтады
Білім беру мен оңалту саласындағы өзара тәжірибе алмасу, кәсіби әлеуетті дамыту және балалардың қоғамға белсенді араласуына қолдау көрсету – жаңа серіктестіктің негізгі бағыттары.

«Өрлеу» тарихындағы тағылымды тұлғалармен кездесу өтті
Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтында «Өрлеу» жүйесінде әр жылдары еңбек еткен ардагер қызметкерлермен кездесу ұйымдастырылып, білім беру саласының дамуына үлес қосқан аға буын өкілдеріне құрмет көрсетілді.

«PROJECT CHILD»: жас зерттеушілердің тың идеяларына қолдау және жаңа серіктестік
Оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту, шығармашылық әлеуетін ашу және инновациялық бастамаларын қолдау – сапалы білім берудің маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта «Өрлеу» мен «PRIZMA SCHOOL» ынтымақтастықты нығайтып, бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған меморандумға қол қойды.

«Педагогикалық идеялар панорамасы–2026»: Алматы қаласының 1-орын иегерлері марапатталды
Алматы қаласында «Педагогикалық идеялар панорамасы-2026» республикалық конкурсының өңірлік кезеңінде үздік нәтиже көрсетіп, 1-орын иеленген педагогтерді марапаттау рәсімі өтті. «Педагогикалық идеялар панорамасы» – педагогтердің кәсіби шығармашылығын қолдауға, озық тәжірибелерін кеңінен таратуға, білім беру үдерісіне инновациялық әдістер мен тиімді педагогикалық идеяларды енгізуге бағытталған республикалық байқау. Конкурс мұғалімдердің өз тәжірибесін саралап, заманауи білім беру талаптарына сай тың жобалар…

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ – 2026: АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ 2-ОРЫН ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Алматы қаласында «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» республикалық конкурсының өңірлік кезеңінде жүлделі 2-орынға ие болған педагогтерді марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара барысында Алматы қаласының білім беру ұйымдарынан қатысқан 12 педагогке арнайы дипломдар табысталды. Жеңімпаздарды марапаттаған – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалы директорының орынбасары Мелдебеков Ержан Тұрғанбаевич. «Педагогикалық…

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ–2026»: АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ 3-ОРЫН ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Аталған конкурс педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, шығармашылық ізденісін қолдауға, озық педагогикалық тәжірибелер мен заманауи білім беру идеяларын насихаттауға бағытталған. Биылғы байқау барысында Алматы қаласының білім беру ұйымдарынан 21 педагог жеті бағыт бойынша өздерінің үздік тәжірибелері мен авторлық идеяларын ұсынды. Марапаттау рәсіміне «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының кафедра меңгерушілері…

🏅 Марапат құтты болсын!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалының аға оқытушысы Қабдылова Гүлжанат Тоқтарбекқызы білім беру саласындағы кәсіби еңбегі, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға қосқан елеулі үлесі және ұстаздардың үздіксіз кәсіби дамуына бағытталған жүйелі жұмысы үшін «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапат – Гүлжанат Тоқтарбекқызының білім беру саласындағы көп жылғы…

«Мәтіннен мағынаға, мағынадан әрекетке»: педагогтерге арналған семинар
«Мәтіннен мағынаға, мағынадан әрекетке»: педагогтерге арналған семинар №222 «Келешек мектеп» базасында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған «Мәтіннен мағынаға, мағынадан әрекетке» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты – мұғалімдердің мәтінмен тиімді жұмыс жүргізу дағдыларын жетілдіру, мәтін мазмұнын терең түсіну және негізгі ойды өмірлік жағдаяттармен байланыстыру арқылы оқушылардың алған білімін нақты әрекетте қолдануына ықпал ететін тиімді әдіс-тәсілдерді таныстыру.

«Үздік педагог» байқауының сараптамалық жұмыстары өтті
2026 жылғы 24 қыркүйекте Алматы қаласы Білім басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік педагог» байқауы аясында сарапшылық жұмыстар жүргізілді.

Болашақ педагогке – теориядан тәжірибеге: ҚазҰУ-да қазақ әдебиеті сабағын жоспарлау бойынша семинар-сабақ өтті
2026 жылғы 16 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болашақ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған тәжірибелік семинар-сабақ өтті. Кездесу «Білім мазмұнының спиральді құрылымы, қысқа мерзімді жоспарлау» және «Қазақ әдебиеті сабағын жоспарлаудың ерекшелігі» тақырыптарына арналды.

«Тіл – ұлттың жаны, елдің айнасы»: Тілдер мерекесіне орай семинар өтті
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтында Тілдер мерекесіне орай «Тіл – ұлттың жаны, елдің айнасы» тақырыбында семинар өтті. Шараға қатысушылар тілдің қоғамдағы орны мен рөлін, оның ұлттық болмысты сақтаудағы маңызын бірге талқылады.

«Тіл – халық қазынасы»: Ұлттық музейде дөңгелек үстел өтті
Қазақстан халқының тілдері күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Тіл – халық қазынасы» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға тіл мамандары мен мәдениет саласының өкілдері қатысып, тілдің қоғамдағы және мәдени өмірдегі орны туралы пікір алмасты.

Көркем еңбек: ұлттық құндылық пен заманауи технология сабақтастығы
2026 жылғы 21 тамызда «Алматы – білім мен инновация орталығы: жаңа Халықтық Конституция құндылықтары негізінде адами капиталды дамыту» атты қалалық тамыз конференциясы аясында М. Базарбаев атындағы №138 гимназия базасында орта білім беру ұйымдарының көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған секциялық отырыс өтті.

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ – АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША КӘСІБИ ДАМУ ИНСТИТУТЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының директоры лауазымына Галимжанова Маржан Анесовна тағайындалды.

АЛМАТЫДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ ЖАҢА СЕРПІН АЛАДЫ
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтына жұмыс сапарымен барып, филиалдың қызметімен танысты.

Инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды
11 маусым күні Алматы қаласындағы №214 жалпы білім беретін мектеп базасында «Инклюзивті білім беруді дамытудағы заманауи тенденциялар: теория мен практикадағы инновациялар» тақырыбында қалалық семинар өтті.

«ИНКЛЮЗИВТІ САБАҚТЫҢ ҮЗДІК МОДЕЛІ» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
«Өрлеу» Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Инклюзивті сабақтың үздік моделі» атты қалалық кәсіби тәжірибе байқауы өтті. Іс-шара барысында педагогтер инклюзивті білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды қолдаудың озық тәжірибелерін ұсынды.

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
«Өрлеу» Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтында «ЖИ құралдарын қолдана отырып, жекелендірілген ойын және дидактикалық материалдарды әзірлеу» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара барысында мектепке дейінгі ұйым педагогтері ChatGPT, Gamma және Canva AI құралдарының мүмкіндіктерімен танысып, дидактикалық материалдар әзірлеудің заманауи тәсілдерін меңгерді.

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖИ: МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ПІКІРТАЛАС!
Бүгін Алматы қаласындағы №174 мектеп-гимназия базасында Алматы қаласы бойынша «Өрлеу» Кәсіби даму институты ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәні мұғалімдері арасында қалалық кәсіби пікірталас өтті.

«Ұйымшыл команда – келешек мектеп» тренингі өтті
Алматы қаласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы «Ұйымшыл команда – келешек мектеп» тақырыбында оқыту тренингін ұйымдастырды.

«Өнерлі ұстаз» байқауы өтті
2025 жылғы 23-29 желтоқсан аралығында «Көркем еңбек» және «Музыка» пәндері мұғалімдеріне арналған «Өнерлі ұстаз» қалалық байқауы өтті.

Алматы педагогтері – жүлдегерлер!
Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауының қорытындысы бойынша Алматы қаласының педагогтері төрт жүлделі орынға ие болды.

«STEM – педагог» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды
2025 жылғы 12 желтоқсанда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «STEM – педагог» республикалық байқауы өтті.

Жасанды интеллектіні сабақта қолдану бойынша республикалық семинар өтті
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының жаратылыстану-математикалық бағыттағы кафедрасының ұйымдастыруымен №133 мектеп-гимназия базасында «Сабақтарда нейрондық желілер мен жасанды интеллектіні пайдалану» тақырыбында республикалық семинар-практикум өтті.

№19 мектепте жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу бойынша семинар өтті
№19 жалпы білім беретін мектепте мұғалімдерге арналған «Жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу» тақырыбында офлайн семинар ұйымдастырылды.

Жасанды интеллектіні білім беруде қолдану бойынша республикалық вебинар өтті
2025 жылғы 28 қарашада «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты мен Алматы облысы Іле ауданындағы «Montessori Academy» жекеменшік мектебінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні қолдану: тиімді тәжірибелер мен инновациялық тәсілдер» тақырыбында республикалық вебинар өтті.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллектіні қолдану мәселелері талқыланды
Алматы қаласындағы №117 жалпы білім беретін мектеп базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Инновациялық білім беру: қазақ тілі мен әдебиеті сабағында жасанды интеллект интеграциясы» тақырыбында курстан кейінгі қолдау семинары өтті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған курстан кейінгі қолдау шебер-сыныбы өтті
2025 жылғы 14 қарашада Алматы қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған курстан кейінгі қолдау шеңберінде шебер-сынып өтті.

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті
2025 жылғы 28 қазан мен 7 қараша аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтында «Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілуде.

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған цифрлық білім беру платформалары бойынша семинар өтті
Бастауыш сынып мұғалімдерінің цифрлық құзыреттілігін арттыру және білім беру үдерісінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мақсатында «TopIQ.kz цифрлық платформасы мен Qamqor жасанды интеллектінің білім беру процесіндегі маңызы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Жас педагогтердің кәсіби дамуына арналған қалалық семинар өтті
2025 жылғы 10 қарашада «Жас педагогтің кәсіби дамуындағы тәлімгерлік» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы аясында жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Педагог тәжірибесінде күрделіліктің 5–6 деңгейлерінің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін тапсырмаларды әзірлеу және қолдану» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Республика күніне арналған дөңгелек үстел өтті
2025 жылғы 24 қазанда Республика күніне орай «Республика күні – ұлттық бірлік пен жаңғыру мерекесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Филиалдың байланыстары
Мекенжай
Республика Казахстан, 050000, г. Алматы, ул. Толе би, 298/4




















